|
18.05.2022 | 08:47
867

Елімізде медициналық пойыздар 23 мамырда жолға шығады

Биыл 200-ге жуық станция мен разъезді қамту жоспарланып отыр

Елімізде медициналық пойыздар 23 мамырда жолға шығады ашық дереккөз

23 мамырда еліміздің өңірлеріндегі шалғай жатқан станциялар мен разъез тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін арнайы пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды Almaty.tv «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, дәрігерлер шалғайдағы станциялар мен оған жақын маңдағы кенттердің тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

Медбригадалар құрамында терапевт, педиатр, ЛОР, кардиолог, офтальмолог, стоматолог және т.б. мамандар бар.

Пойыздар 13000 км-ден астам қашықтықты жүріп өтіп, шалғай орналасқан Толтыр, Афанасьево, Бегімбет, Никельтау сияқты станциялар мен разъездерге барады.

Биыл 200-ге жуық станция мен разъезді қамту жоспарланып отыр.

«Медициналық пойыздар» жобасын жүзеге асырудағы мақсат азаматтардың денсаулығына деген қамқорлық, еліміздің орталықтан шалғай орналасқан аймақтарындағы тұрғындарын да тегін медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары арнайы жабдықталған 8 мамандандырылған вагоннан тұрады. Дәрігерлер күніне ондаған науқасты тексереді. Медициналық пойыздар жұмыс істеп тұрған станцияға білікті мамандардың тексеруінен өту үшін өзге елді мекендерден де тұрғындар келеді», - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дәрігерлердің айтуынша, «Медициналық пойыздар» жобасы халық үшін мағызды. Өйткені ол тұрғындарға сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

пойыз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир