Бас санитар дәрігердің 35 мемлекеттің коронавирусқа қарсы вакцина паспортын Қазақстан аумағында жарамды деп таныған қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Осы қаулыға сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Бразилия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Бельгия Корольдігінде, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік ауданында, Таиландта, Түркия Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың коронавирусқа қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын", - делінген қаулыда.
Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.