Науқас вирустық аурудың жеңіл түріне шалдыққан
Грузияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлады Almaty.tv елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"Зертханалық сынақ нәтижесі маймыл шешегінің вирусын растады. Науқас вирустық аурудың жеңіл түріне шалдыққан, тиісті емнен кейін үйіне шығарылды", - деп хабарлады министрлік.
Министрлік хабарлауынша науқас Еуропаға саяхаттаған. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды. Алайда олардың бірде-біреуінен ауру белгілері байқалған жоқ.
Дереккөз: sputnik.kz