Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі. Ауру жұқтырғандардың көбі вакцина алмаған. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
2023 жылдың басынан бастап ҚР-да қызылшаның 20 188 жағдайы, оның ішінде 81% (16351) - 14 жасқа дейінгі балалардың, 3,4% (706) - жасөспірімдердің, 15,4% (3131) ересектердің арасында тіркелді.
Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді, Шымкент қаласында жоғары деңгей байқалды -3069 жағдай (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 263,5), Алматы қ. - 3010 жағдай (136,5), Жамбыл – 2724 жағдай (224,0), Маңғыстау – 1701 (218,0), Алматы – 1812 (119,0) және Атырау – 1377 (196,6), Ақтөбе – 1485 (158,7), Қызылорда облыстарында – 1182 жағдай (139,8).
«Жалпы республика бойынша ауру балалар арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі 83,6%-ды құрады (13 670 жағдай)», – деді Манар Смағұл.
Ошақтарда шұғыл вакцинация егілмеген адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қызылшамен соңғы байланыста болған сәттен бастап алғашқы 72 сағат ішінде жүргізілетінін атап өткен жөн.
«Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қызылша жұқтырғандарменн тығыз байланыста болған адамдардың вакцина алмау жағдайы көптеп тіркеліп жатыр. Мұндай үрдіс қызылшамен ауырғандардың арасында да байқалады, сондықтан 57,4%-да (7854) ауру жұқтырған балалар вакцинациядан бас тартуына байланысты жоспарлы тәртіппен, 18,2%-да (2492) - медициналық көрсетілім бойынша, 23%-да (3148) - егу жасына жетпеуі бойынша екпе алмаған», – деп толықтырды ҰҚДСО басшысы.
Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі: ҚМИ шеңберінде 223 402 адам, оның ішінде 6-11 айлық (71 075) балалар, 2-5 жастағы (111 655) балалар вакцинацияланды; соңғы тәулікте 22 144 адам вакцинацияланды; қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда (1 жастағы 84,1 бала және 79,2% 6 жастағы бала қамтылды, ДДҰ ұсынымы бойынша 10 айда кемінде 84,6%) және 30 жасқа дейін екпе алмағандарды (18,4 мың адам); 18 жасқа дейінгі балаларды (69,7 мыңнан астам бала егілді) вакцинациялау жүргізілуде; балаларды екпемен қамтудың шекті деңгейін ескере отырып, МДБМ-ға жіберу бойынша мониторинг кемінде 90% жүзеге асырылады; денсаулық сақтаудың барлық деңгейінде халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмысы күшейтілді.
Манар Смағұл қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келе жатқанын және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылғанын атап өтті, сонымен қатар ата-аналарды балаларды қызылшаға қарсы уақтылы вакцинациялауға, 6-10 айлық және 2-5 жас аралығындағы балаларға қосымша иммундауға шақырды.