Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау туралы заң жобасы әзірленді

drive2.ru
drive2.ru
Ал министр өз кезегінде ұжым атынан мерт болған маманның отбасына көңіл айтты.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау туралы заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. Сондай-ақ, ол медицина мамандарының қоғамдағы ролі мен міндетіне де тоқталды.

«Жоба медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайды. Олардың өз өмірі мен денсаулығы үшін қорықпай қауіпсіз еңбек етуіне кепілдік беретін құқықтық нормаларды қабылдау маңызды. Зағ жобасы Парламент қарауына енгізіледі», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Еске сала кетейік, күні кеше Алматыда белгісіз біреу 47 жастағы дәрігер Юрий Шумковты атып кетті. Елді елең еткізген оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып жатыр. Ал министр өз кезегінде ұжым атынан мерт болған маманның отбасына көңіл айтты.


Новости партнеров