Алматылық хирургтер адам өмірін сақтап қалды

14.02.2024 14:33

Науқас шұғыл отаға дайын болғандықтан, аз инвазивті әдіспен операция жасау туралы шешім қабылданды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда интервенциялық хирургтер инфаркт алдындағы ауыр жағдай - сол жақ коронарлық артерия діңінің 99% стенозы бар ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

60 жастағы ер адам кеудесінің ауырсынуына, жалпы әлсіздігіне, жиі шаршау белгілеріне шағымданған, айтуынша, біраз жүрген соң жүрегі қысып қалған. 

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың тәжірибелі, жоғары білікті интервенциялық хирургтері жедел тексеру барысында науқастың жағдайының ауырлығын байқады.  

Жүрек тамырларын диагностикалау мақсатында қан тамырларының жағдайы бойынша ота жасау туралы шешім қабылдау үшін алдымен коронарография жүргізілді.

Науқастың жағдайы өте ауыр еді, өлім қаупі жоғары болды, өйткені коронарография сол жақ коронарлық артерияның бағаналы зақымдануын анықтады (90%).

«Науқастың діңдік артериясы зақымданған. Егер артерия 99,9% жабылып қалса, бұл ауыр зақымдану - өлімге әкеледі. Асқыну қаупі де өте жоғары. Мұндай жағдайда әдетте ашық ота жасау керек. Зерттеу нәтижесі бойынша да стент қоюға болады, екі жағдайда да асқыну қаупі бірдей», - дейді Алматы қаласының №7 қалалық ауруханасы интервенциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, ота жасаған хирург Сәкен Анартаев.

2017 жылы қойылған ескі стентте рестеноз және тромбоз белгілерінсіз өтімді еді.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа отаның ықтимал қауіптері туралы түсініктеме берілді, өйткені қан тамырларының жағдайы тұрақты емес. Сол жақ коронарлық артерияның бифуркация (тармақталуы, бөлінуі) аймағында күрделі стеноз болды, бұл қан тамырларының қабырғасындағы түйіншектер. Сонымен қатар науқаста түйіншіктердің жарылуы байқалады, соның салдарынан  жүректің ишемиялық ауруының клиникасы ұлғайды.

Сонымен бірге инфаркт мен жүрек қызметінің тоқтап қалу қаупі болды. Науқас шұғыл отаға дайын болғандықтан, аз инвазивті әдіспен операция жасау туралы шешім қабылданды.

Дәрігерлердің алдында күрделі міндет тұрды, өте ұқыпты жұмыс істеу керек еді. Өйткені, сол жақ коронарлық артерия діңінің диссекциясы және тұрақсыз түйіншіктер болды. Ота кезінде тарылған аймақ арқылы микрокатетер мен коронарлық өткізгіш қолданылды. Бұл әдіс қан ағымын тоқтатпау үшін қолданылады. Бір өткізгіш алдыңғы қарыншааралық артерияға, екінші өткізгіш – айналмалы артерияға өткізілді және баяу баллондау - кеңейту жүргізіледі.

«Стент – бұл металл, бөгде зат болғандықтан, организм оны қабылдамауға тырысады, сондықтан стент арнайы затпен - қабылдамауды тежейтін дәрілеу құралымен жабылады. Процестің бірқалыпты өтуі үшін қан сұйық болуы керек. Сондықтан барлық стенттелген пациентке антиагрегантты терапия қабылдау керек. Сәкен Мурасұлының басшылығымен біз Т-стенттеу техникасын пайдалана отырып, бифрукциялық стенттеуді, киссингтік баллондауды сәтті орындадық», - деді интервенциялық хирург Данияр Қаралиев.

№7 ҚКА дәрігерлері шұғыл хирургиялық араласу – коронарлық артерияларды стенттеу арқылы науқасты ауыр жағдайдан шығарып, оның өмірін сақтап қалды.

«Науқас көмекке уақытында жүгінді, бұл оның өмірін сақтап қалды. Ауырсыну белгілерін елемей жүре беруге болмайды, сізді де құтқаруға болады. Жылына бір рет жүректі тексеруден өткізіңіз: ЭКГ, ЭхоКГ, кардиологпен кеңесіңіз. Мұндай жағдайларда әрбір секунд қымбат! Уақытында қаралыңыз», - деді дәрігерлер.