Медеу ауданында бірнеше денсаулық сақтау нысандары ашылады

29.09.2022 14:35

Әкім нысандардың қашан пайдалануға берілетінін айтып берді

egemen.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, денсаулық саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін ауданда бірқатар жұмыстар жүріп жатыр:

1) «Кеңсай» ықшамауданында ауысымына 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Аталған нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

2) «Алатау» ықшамауданында қалалық аурухананың сейсмотұрақтылығын күшейте отырып, күрделі жөндеу жүргізуге Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау2023 жылдың III тоқсанына жоспарланған.

3) «Думан» ықшамауданында ауысымына 500 орындық жаңа емхана салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың ІІІ тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз.

4) Сондай-ақ, Горный гигант ықшамауданында биыл ауысымына 400 келушіге арналған емханасы және амбулаториялық хирургия орталығы бар «Mediker Hospital International»  жекеменшік клиникасының құрылысы аяқталды.