Алматылық кардиореаниматолог қан қысымы несімен қауіпті екенін айтты
Артериялық гипертонияны жеке ауру ретінде де, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі және инсульттің дамуының тәуелсіз қауіп факторы ретінде де қарастыруға болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының кардиореаниматологы Бағдат Канапиннің айтуынша, тонометр көрсеткіші кұрт өзгерсе, қысым 140/90-ға дейін және одан да жоғарыласа ағзадағы өзгерісті білдіреді. Ал соңғы кездері мұндай жағдай жиілесе, денсаулыққа көңіл бөлу керек.
- Бүгінгі таңда алматылықтар арасында ең көп таралған жүрек-қан тамырлары ауруы -артериялық гипертония. Барлық жүрек-қан тамырлары ауруының шамамен 50%-ы осы дертке байланысты. Сондықтан, ең алдымен, гипертонияның ықтимал себебін табу керек, оған жүрек, бүйрек аурулары, мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда дәрігерлермен кеңесіп, бірқатар тексеруден өту керек, - деп түсіндіреді маман.
Сарапшы жоғары қан қысымы бар адамдарға дұрыс және тиімді емдеуді тағайындайтын және қан қысымын тиімді бақылауға кеңес беретін дәрігерге баруды ұсынады.
Қанапин Бағдат қысымды бақылау қауіпті аймақтағы пациенттер үшін ең маңызды критерий екенін атап өтті.
- Мен кардиореаниматолог ретінде қан қысымы жоғары адамдарда кез келген аурудың төтенше жағдайы болған кезде асқыну қаупі әлдеқайда жоғары екенін баса айтамын. Мәселен, миокард инфарктісіне күдікті адам келіп түсті, пациенттің қысымы жоғары болса, біз уақытты шұғыл картографияны жүргізуге жұмсаймыз, өйткені пациенттің жағдайын тұрақтандыру қажет, - деп бөлісті сарапшы.
Есіңізде болсын, жоғары қан қысымы ауру мен өлім қаупін арттырады.
Оқи отырыңыз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хирургиялық көмек көрсету стандартын жаңартты