|
06.05.2021 | 10:02
1403

Петропавлда фармацевтикалық кәсіпорын салынады

Осы жобаның арқасында экономика жаңа серпін алады, ал аймақ жергілікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

Петропавлда фармацевтикалық кәсіпорын салынады inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік компания дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыт салатын болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, «Велфарм» компаниясы фармацевтикалық кәсіпорынды Петропавлда салмақ. Ресейлік инвесторлармен жарты жыл келіссөздер жүргізілді. Оң-солын саралай келе мәскеулік компания дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауытты тұрғызатын болды. 

«Қазір фармацевтикалық жобаны «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекет барлық инфрақұрылымды тартады. Инвесторлар жобаға 15 млрд теңге құюға дайын. 200 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады. Осы жобаның арқасында экономика жаңа серпін алады, ал аймақ жергілікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі», –  деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир