Канада Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech препаратын 12-15 жастағы балаларға қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі бас кеңесшісі Суприя Шарма Pfizer/Biotech вакцинасы балалар үшін қауіпсіз әрі тиімді екенін айтты.
«Жастар COVID-19 ауруларының ауыр жағдайларына аз ұшыраса да, қауіпсіз және тиімді вакцина аурудың отбасы мүшелері арасында таралмауына көмектеседі», – деді ол журналистерге.
Pfizer нәтижелері препараттың екінші дозасын салдырғаннан кейін зерттеуге қатысушылар арасында вакцинаның 100 пайыз тиімді екенін, сондай-ақ жанама әсер жоғын көрсетті.
Осылайша, ел билігі сынақтар балалар үшін вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетті деп шешті. Оларға препарат мөлшері ересектермен бірдей салынады. Балалар арасындағы екпе әлі де бақыланады.
Айта кетейік, бұған дейін Канадада COVID-19-ға қарсы вакцинаны 16 жастан асқан тұрғындар ғана салдыра алған.
Жақын арада АҚШ та осындай қадамға баруы мүмкін.