Алматы онкологиялық орталығында 6 айда 10 мыңнан астам науқас емделді

24.07.2023 15:03

Қатерлі ісік ішінде сүт безі обыры бірінші, тоқ ішек ісігі екінші, өкпе қатерлі ісігі үшінші, асқазан обыры төртінші орында

Алматы онкологиялық орталығында 6 айда 10 мыңнан астам науқас емделді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы онкологиялық орталығында емделетін науқас саны жыл санап артып келеді, дейді қалалық онкологиялық орталықтың директоры Нұрсұлтан Избагамбетов. 2016 жылы емделген науқастардың мұндай саны жыл соңында тіркелсе, қазір бұл көрсеткішке 6 айда жетіп отырмыз. Биыл 6 ай ішінде АОО хирургиялық бөлімшелерінде 1300-ден астам хирургиялық араласу жасалды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95-ке көп. Химиотерапиялық ем алған науқас саны да өсіп, 8372-ге жетті (2022 – 7810). Сәулелік терапия бөлімінде 523 онкологиялық науқасқа 9632 сәулелік терапия сеансы жүргізілді. Амбулаторлық химиотерапия кабинеті жағдайында бірінші жартыжылдықта 4765 науқас амбулаторлық ем алды. Қатерлі ісікке күдікті және онкологиялық науқастарға 260 мыңнан астам диагностикалық зерттеу, атап айтқанда, КТ, МРТ, эндоскопиялық зерттеулер, УДЗ, цитологиялық зерттеулер және т.б. жүргізілді (2022 жылы 215 000-ға жуық).

2694 науқас анықталып, есепке алынды (2022 жылдың 6 айында – 2363 науқас). Қатерлі ісік ішінде сүт безі обыры бірінші, тоқ ішек ісігі екінші, өкпе қатерлі ісігі үшінші, асқазан обыры төртінші орында.

Жалпы бүгінде Алматы онкологиялық орталығында 30 699 онкологиялық науқас есепте тұр (2022 ж 6 айда – 28 415), өсім 8,0%-ды құрайды.

Қатерлі ісіктен аурушаңдық, қараусыз қалу және өлім-жітім көрсеткіштеріне әсер ететін факторлардың бірі Қазақстанның басқа өңірлерінен пациенттердің Алматыға келіп, қалалық онкологиялық орталық жағдайында жоғары сапалы медициналық көмек және стационар жағдайында амбулаториялық-емханалық дәрі-дәрмекпен үздіксіз толық қамтамасыз ету (химиотерапия) болып табылатынын атап өткен жөн.

Тек жыл басынан бері еліміздің өзге өңірлерінен 420 науқас Алматы қаласына ауыстырылған. Өкінішке қарай, әрбір бесінші науқас аурудың асқынған сатысымен есепке алынады.

Қатерлі ісік ауруын ерте анықтау өмірді сақтайтынын тағы бір еске саламыз!