Бостандық ауданында 2 емхана салынады

© kranz.ru
© kranz.ru
Әр емхана 500 келушіні қабылдайтын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы қаласы әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр. Кездесу барысында халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін биыл наурыз айында 2 объектінің құрылысын аяқтау көзделуде екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының» операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің корпусы;

«Керуен Medicus» жекеменшік медициналық орталығында 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар перзентхана бөлімшесі.

Оның айтуынша, осы жылы медициналық мекемелердің жүктемесін азайту үшін 5 объектінің құрылысын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жобалануда.

Әрқайсысы 500 келушіні қабылдайтын 2 жаңа емхана құрылысы. Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысындағы бірінші емхана бойынша осы жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Оны биыл жылдың соңына дейін аяқтап, мемлекеттік сараптамадан өткізу көзделген. Құрылысты бастау 2024 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.

«Екінші жаңа құрылыс – мен осыған дейін айтқан Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысындағы емхана. Құрылысты бастау 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланған. Жұмыс істеп тұрған 2 емхана, яғни №14 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін конкурстар өткізілуде. Сараптамасы тамыз айында күтіледі. Күрделі жөндеу 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланған. 500 орындық қалалық орталық клиникалық арухананың (№12 аурухана) жаңа корпусын салу жоспарланып отыр. Осы жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған», – деді Ерболат Досаев.

Новости партнеров