|
25.05.2023 | 10:09
1314

Мегаполисте жаңа емханалар ашылады

Жөндеу жұмыстары осы жылдың тамыз айында басталады

Мегаполисте жаңа емханалар ашылады semeynews.kz

Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр. Кездесу барысында қала әкімі медициналық-санитариялық көмек объектілері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ауданда бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілерінің тапшылығы қатты сезілуде. Осы мәселені шешу үшін біз келесі шараларды іске асырамыз. Осы жылдың маусым айында Кемел шағынауданында ауысымына 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Өткен кездесулерде айтып өткенімдей, аудан әкімдігі Омаров көшесінде 200 келушіге, Нүсіпбеков көшесінде 300 келушіге және "Рабочий" ауылында ауысымына 240 келушіге арналған емханалар үшін 3 ғимарат сатып алды", – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, осы жылдың маусым айында Нүсіпбеков және Омаров көшелеріндегі ғимаратты күрделі жөндеу жұмысына конкурс жариялайтынын да айтты.

"Жөндеуді осы жылдың тамыз айында бастап, 2024 жылдың наурыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың II тоқсанына пайдалануға беріледі. "Рабочий" ауылындағы ғимарат бойынша сатып алу шарты жасалды. Емхананы осы жылдың IV тоқсанында жөндеу жұмыстары мен жабдықтар сатып алынғаннан кейін ашу жоспарлануда", – деді Ерболат Досаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир