Елімізде 600-ден астам медициналық ұйым жоспарлы емдеуге жатқызуды қайта бастады

12.08.2020 в 15:16

Ең көп медициналық ұйымдар Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жұмысын қайта бастады

Елімізде 600-ден астам медициналық ұйым жоспарлы емдеуге жатқызуды қайта бастады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған мекеме сайтында аймақтар бойынша жоспарлы емдеуге жатқызуды қалпына келтіру күні көрсетілген медициналық ұйымдардың тізімі пайда болды. Бірінші кезекте, ауруханаға жатқызуды республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникалар, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі көп бейінді ауруханалар COVID-19-бен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыспайтын стационарлар кезең-кезеңімен жүзеге асырады. Ең көп медициналық ұйымдар Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жұмысын қайта бастады. Әр аймақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастаудың жеке жоспарын жасаған.