ҚР Бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

01.01.2022 15:20
inform.kz

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасын енгізу туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Объектілерде Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын», - делінген Е. Қиясов қаулысында. 

Осы орайда құжатта адамдар көптеп жиналатын 40-қа жуық нысан белгіленген: 

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; 

2) спа-орталықтары; 

3) моншалар, сауналар, бассейндер; 

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 

5) боулинг клубтары; 

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар; 

8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары; 

9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері; 

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; 

11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар; 

12) бильярд клубтары; 

13) концерт залдары; 

14) ерікті қатысушылар; 

15) караоке; 

16) көрмелер; 

17) океанариум; 

18) марафондар;

19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; 

20) әуежайлар; 

21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар; 

22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; 

23) цирктер; 

24) отельдер, қонақ үйлер; 

25) халыққа қызмет көрсету орталықтары; 

26) теміржол вокзалдары және автовокзалдар; 

27) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық түлік емес) сауда желілері; 

28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері; 

29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін); 

30) букмекерлік конторалар; 

31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары; 

32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып); 

33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары; 

34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін); 

35) діни объектілер; 

36) ойын клубтары (казино); 

37) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы; 

38) түнгі клубтар;

39) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері. Қаулының толық мәтінін мына жерден көре аласыздар.