Тершеңдік өлімге әкеп соғуы мүмкін – ғалымдар

28.01.2021 15:21

Сарапшылардың айтуынша, бұған қан тамырларының бітеліп қалуы себеп болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Ешқандай себепсіз терлеу жүрек талмасының белгісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылар жаттығу кезінде немесе күннің ыстығында организмнен ылғалдың көп бөлінуі қалыпты құбылыс екенін атап өтті.

Алайда адамның кеуде тұсы кенеттен ауырып, тер шықса, тез арада дәрігерге қаралу қажет.

«Егер адамның басы айналып, ентіксе немесе кеуде тұсында ауырсыну сезілсе, бұл инфаркт алдындағы жағдайдан хабар береді», – деді ғалымдар.

Сарапшылардың айтуынша, бұған қан тамырларының бітеліп қалуы себеп болуы мүмкін. Бұл кезде жүрекке қосымша салмақ түседі.