Шымкентте бір науқас Конго-Қырым безгегі күдігімен ауруханада жатыр

19.05.2022 15:26

Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр

ru.sputnik.kz

Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ықтимал жағдай тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 16 мамыр күні Шымкент қаласында бір науқас осындай күдікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі OTYRAR.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны «асқазан-ішек жолдарынан қан кету, өткір ауыр ағымы» диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Осы күні науқас Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қаупі диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр. Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам – медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды.