Алатау ауданында көпсалалы аурухананың құрлысы қашан басталады

19.01.2023 15:29

Бүгінгі күні Зерделі шағынауданында жер учаскесі белгіленді

kartinkin.net

Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін осы жылдың ақпан айында Саялы және Қарасу шағынауданында әрқайсысы күніне 200 адамды қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау жоспарланғанын мәлімдеді. Аяқтау мерзімі – 2023 жылдағы желтоқсан.

"2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  Алатау ауданында 50 төсек-орындық перзентханасы бар, 350 төсек-орындық бірінші көпсалалы аурухана салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Бүгінгі күні Зерделі шағынауданында жер учаскесі белгіленді. Оның құрылысын 2024 жылы бастаймыз", – деді Ерболат Досаев.