|
12.02.2019 | 10:31
2946

Теңіз кен орнында 25 жұмысшы уланып қалды

По информации медиков, 21 человек после осмотра врачей отправлен на амбулаторное лечение, остальные четверо госпитализированы

Теңіз кен орнында 25 жұмысшы уланып қалды Sputnik

Дәрігерлердің айтуынша, 21 жұмысшы амбулаториялық ем алуға жіберілген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды

Теңіз ауылында «ЮлмарСервиз» ЖШС-нің 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін нашар сезінген. Олар улану белгілерімен Құлсары орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Медициналық қызметкерлер хабарлағандай, науқастардың 21-ін дәрігерлер қарап, амбулаториялық ем алуға жіберген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды sputniknews.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Қазір науқастардың жағдайы бір қалыпты. Улану себебі сараптама нәтижесінде белгілі болады, деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева.

Бұдан бұрын Қарағанды облысы Абай қаласында жаппай улану жағдайы болған еді. Ол кезде дөнер жеп уланған 12 адам медициналық көмекке жүгінген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир