|
21.05.2019 | 10:38
2150

Алматыда «SCIENCE AND BUSINESS» атты конференция өтеді

Жас ғалымдарға үздік баяндама үшін ақшалай сыйлықтар беріледі

Алматыда «SCIENCE AND BUSINESS» атты конференция өтеді

Алматыда «SCIENCE AND BUSINESS» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Аталмыш шара ғылым мен бизнесті инновациялық үдерісте біріктіруге бағытталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Конференция жұмысын талқылаудың негізгі тақырыптары:

- медицина, нанотехнология, биомедицина және агроөнеркәсіп саласындағы теория мен практика бойынша ақпарат және пікір алмасу;

- бірлескен ғылыми және бизнес бағдарламаларды талқылау және әзірлеу, шарттар мен келісімшарттар жасасу;

- медицина, нанотехнология, биомедицина және агроөнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы ғылым мен өнеркәсіптің жағдайын талдау.

Ғылыми шараға ғалымдар, бизнесмендер мен үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады деп күтілуде.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша жас ғалымдарға үздік баяндама үшін ақшалай сыйлықтар беріледі. Бұл қолдау жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер береді және жастардың технологиялық міндеттер мен проблемаларды шешуге қатысуын ынталандырады. «Жалын» ҒӨТО ЖШС қызметкерлері қатарында 18-35 жас аралығында 23 жас маман жұмыс істейді.

Айта кетейік, конференция 22 мамырда сағат 10:00-де «Жалпы практика дәрігері - Кеңесші – Сарапшы» медициналық консультативтік орталығы және «Жалын» Ғылыми өндірістік техникалық орталығы ЖШС ұйымдастыруымен «Рахат Палас» қонақүйінде өтеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир