|
21.05.2019 | 10:55
2668

Алматыда жасыл желекті химиялық жолмен өңдеуден бас тартпақ

Бұл қалаға инженерлік желілерді, су құбырларын тартуға, қажетті жолдарды салуды бастауға мүмкіндік береді

Алматыда жасыл желекті химиялық жолмен өңдеуден бас тартпақ фото из открытых источников

Алматы әкімі Бауыржан Байбек аппараттық кеңес барысында жасыл желекті өңдеуде химиялық және биологиялық препараттарды қолдану мәселесін қарады, деп жазды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көп ретте бізде химиялық препараттар қолданылады. Биопрепараттар қолданды деген жерлерде өсімдікті қорғау Институтының ақпараты бойынша, тасымалдаушылар оларды химиялық заттармен ауыстырады, өйткені олардың бағасы 3-4 есе арзан. Алайда, халықаралық тәжірибе дамыған елдерде химпрепараттарды тек жаппай зақымданған кезде ғана қолданылатын көрсетуде, себебі олар экология мен адам денсаулығына кері әсерін тигізеді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша қалада бронхиалды астмамен 12 мыңнан астам, аллергиялық сырқаттармен 27 мыңға жуық адам тіркелген.

«Ғалым-биологтардың, экологтардың және химиктердің ұсыныстарын ескере отырып, химпрепараттарды қолдануды түбегейлі азайтуды тапсырдым. Пилотты шара ретінде Жетісу ауданын таңдадық, биылғы жазда мұнда барлық жасыл желектер тек биопрепараттармен ғана өңделеді. Бұл экология мен адам денсаулығын жақсартуға қосылған үлкен үлес болады», - деп атап өтті қала басшысы.

Бүгін жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек меценат Болат Өтемұратовпен бірге Алматының Ботаника бағын реконструкциялау жоспарымен танысты.

Аталған нысан Білім және ғылым министрлігінің балансында болғандықтан Алматыда Ботаника бағын коммуналды меншікке беру жөніндегі заң жобасының қабылдануы күтілуде. Бұл қалаға инженерлік желілерді, су құбырларын тартуға, қажетті жолдарды салуды бастауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Б.Өтемұратовтың қоры биылғы жаздың өзінде 3 жаңа кіру павильондарын және түрлі жолдарды салуды, 1000-ға жуық ағаштар мен 10 мың шыбықтар отырғызуды және басқаларын жоспарлауда.

Алматы әкімі өзінің сөзінде осының барлығының жүзеге асуы қала тұрғындарының жіті назарында болатынын айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир