Қала басшысы Ерболат Досаев Алматының Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде ауданда екі жаңа емхана мен дәрігерлік амбулатория салынатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Наурызбай ауданының тұрғындарына қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін Құрамыс және Шұғыла шағынауданында екі жаңа емхана салу жоспарлануда. Әрбір медициналық мекеме 500 келушіге арналған. Жобалардың жалпы құны - 16,5 млрд теңге.
Сондай-ақ Ақжар ш/а 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған, оның жалпы сомасы 2 млрд теңгеге ббағаланып отыр.
2024 жылдың қазанында мемлекеттік сараптама шығады, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін 2025 жылдың 1 тоқсанына белгіленді.
Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында 5 жаңа мектеп салынады