Алмалы ауданында балаларды оңалту орталығы ашылады

Twitter
Twitter
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмалы ауданында Абай – Масанчидегі бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратын тарихи келбетін сақтай отырып қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала  әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыстар 2024 жылдың IV тоқсанында аяқталуы мүмкін, содан кейін заманауи "Қалалық балаларды оңалту орталығы" ашылады.

Сондай-ақ, әкімдік 2023 жылдың соңына дейін тағы екі жоба: ескі ғимаратты бұза отырып, ревматологиялық орталықтың орнында Әйтеке би көшесінде 500 келушіге арналған жаңа емхана салу және Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығын салу жобасын әзірлейді. Екі нысанның құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастау жоспарланып отыр.

Новости партнеров