Оралда 10 айлық сәби ауруханада көз жұмды
forumdaily.com
Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда 10 айлық сәби ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде бактериялық жұқпадан көз жұмды. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
«Күн сайын консилиумдар жүргізілді. Телемедицина арқылы республикалық аналар мен балалар орталығы мамандарынан кеңес алынды. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар аурулары кафедрасының доценті көзбе-көз кеңес берді. Соған қарамастан, бала 10 маусым күні жан тапсырды», – деді А.Сақпосынова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35