|
11.06.2019 | 11:57
3385

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 4 пайызға артты

Жылдық мәндегі инфляция деңгейі - 5,3% болып отыр

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 4 пайызға артты  Sputnik

2019 жылдың алғашқы 5 айында ЖІӨ өсуі жалғасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4% құрады. Жылдық мәндегі инфляция деңгейі - 5,3% болып отыр. Бұл инфляция дәлізінің 4-6% шегінде. Инвестициялар динамикасы 7,8% дейін өсуді көрсетіп, ЖІӨ өсу қарқынынан да асып түсті. Ауыл шаруашылығы мен құрылыстағы инвестиция бір жарым есеге өсті. Өнеркәсіптегі инвестициялар 17,5% өсті. Өткен аймен салыстырғанда халықаралық резервтер 0,4% өсті. Олардың көлемі 86,7 млрд долларды құрады», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұтастай алғанда жалпы ішкі өнім өсімінің артуы байқалып отыр.


«Биылғы қаңтар-мамыр айларында кен өндіру өнеркәсібі 2% ұлғайды. Бұл ретте мұнай өндіру көлемі 3,2% қысқарды. Мұны жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланыстыруға болады. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,6% құрады. Бұл мұнай өндірудегі қысқарудың орнын толтырды. Құрылыс қарқыны да ұлғайып, 5 айда 8,8% өсті. Әсіресе, өнеркәсіп нысандарының, автомобиль жолдарының, газ құбырларының құрылысы артты. Сондай-ақ ірі зауыттарда құрылыс-монтаждау жұмыстары көбейді», - деді Р. Дәленов.

Министр ауыл шаруашылығында да орнықты өсу байқалғанын атап өтті. Ондағы өндіру көлемі 3,7% артты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир