Қазақстандықтар МӘМС үшін қанша төлейді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
АҚС шарттар бойынша жалдамалы қызметкерлер биыл кірістен 1% және 2021 жылдан бастап 2% мөлшерінде басқа да қызметкерлер секілді өздеріне төлейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қазақстандықтар аударымдар мен жарнаны қалай төлейді? Осы жылдан бастап жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлер үшін еңбекақының 2%-ын төлейді және 2022 жылдан кейін 3% төлейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, қызметкер жалақысынан 1% ұсталады және 2021 жылдан бастап — 2%. АҚС шарттар бойынша жалдамалы қызметкерлер биыл кірістен 1% және 2021 жылдан бастап 2% мөлшерінде басқа да қызметкерлер секілді өздеріне төлейді. Жеке кәсіпкерлер жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріне төлейді. 

Өзіне — 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы (1 ЕТЖ 2020 жылы 42 500 теңгеге тең) немесе 2 975 теңге. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бірыңғай жиынтық төлемді 1 АЕК немесе қала үшін — 2 651 теңге, ауыл үшін — 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге мөлшерінде төлейді. Бұл сома зейнетақы жинақтарына — 30%, медициналық сақтандыруға — 40%, әлеуметтік сақтандыру қорына — 20%, табыс салығын төлеуге — 10% бөлінеді. Халықтың қалған барлық санаттары жарналарды дербес төлеушілер ретінде төлейді — 1 ЕТЖ-ден 5%, немесе 2 125 теңге. 

Жарнаны кез келген екінші деңгейлі банк немесе Қазпошта бөлімшесі арқылы, мобильді банкинг арқылы, сондай-ақ Касса 24 және Kiwi төлем жүйелері арқылы төлеуге болады. Пациенттердің ыңғайлылығы үшін қаланың ауруханалары мен емханаларында Касса 24 терминалдары орнатылған ол жерде жарнаны жылдам, комиссиясыз төлеуге болады.

Новости партнеров