Қазақстандықтардың 97%-ы МӘМС жүйесіне қатысады

Қазақстандықтардың 97%-ы МӘМС жүйесіне қатысады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында шамамен 250 млрд теңге жиналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтардың 97%-ы МӘМС жүйесіне қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда халықтың 97%-ы ҚР ДСМ деректер базасында өзектендірілген және әлеуетті түрде МӘМС жүйесінің қатысушылары болып табылады

Қалған пайызы 550 мыңға жуық адам. Өзектендірілген халық қатарындағы азаматтардың 88%-дан астамы сақтандырылған мәртебесіне ие, олардың 54%-ы немесе 10 млн адам азаматтардың жеңілдікті санаттарына жатады, қалғандары — жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар және дербес төлеушілер. Олар 2,2 млн-ға жуық адам немесе халықтың 12 пайызын құрайды. 

Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында шамамен 250 млрд теңге жиналды 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 246,9 млрд теңгені құрады. Олардың ішінде 237,7 млрд теңге (96,3%) жұмыс берушілердің аударымдарына, 9,2 млрд теңге (3,7%) — азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар мен жеке кәсіпкерлердің салымдарына тиесілі. Өңірлер бөлінісінде ең көп сома бұрынғысынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан түседі. МӘМС-ға келіп түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС аясында көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберілетін болады.

Новости партнеров