Бірінші кезекте сапаға баса мән беріледі
Халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қайта қаралады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәліметіне сілтеме жасап.
- Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына баса назар аудара отырып, қайта қаралады. Министрлік амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады, - деді Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, препараттардың сапасына аса мән беріледі.
- Соңғы 2 жылда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту шығындардың 2 есе өсуі алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл ретте 41 нозология бойынша пациенттер тек 50% қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейі төмендеген, - дейді ол.
Оқи отырыңыз: Алматы офтальмологтары көзішілік линзаны импланттау отасын жасады