Грузиялық меценат Қазақстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді
пресс-служба МИД РК
Енді аппараттар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелері арасында таратылатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Грузиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк Тбилисиден Алматыға жетті. Оны «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвили жіберген.
Енді аппараттар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелері арасында таратылатын болады.
«Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, «Грузия индустриялық тобының» басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді», – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52