1977 жылдан бастап қараша айының үшінші бейсенбісі Америкалық онкология қоғамы ұсынған Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні ретінде бекітілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы күннің мақсаты темекі шегудің таралуын азайту, халыққа адам денсаулығына темекінің зияны туралы ақпарат беру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі шегудің нәтижесінде пайда болған аурулардан жыл сайын жер шарының шамамен 7 млн тұрғыны қайтыс болады, оның 900 мыңы – енжар темекі шегушілер. Қазақстанда 15 және одан жоғары жастағы темекі шегушілер шамамен 1/3 бөлігін құрайды. Егер бұл зиянды әдет ер адамдарға тән деп есептелген болса, соңғы уақытта әйелдер арасында темекі шегудің таралу әдеті байқалуда.
«Темекі түтіні тыныс алу жолдары, жүрек-қантамыр, ас қорыту және орталық нерв жүйесінің ағзалары ауруларының дамуына әсер ететіндігі белгілі. Коронавирус инфекциясының пандемиясы кезінде бұл одан да үлкен қауіп төндіреді», – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гаухар Қожакеева.
Адам үшін темекі шегуден бас тартуының пайдасы қандай?
- 20 минуттан кейін артериялық қан қысым мен жүрек соғысы бастапқы деңгейге қайта келеді;
- 8 сағаттан кейін – қандағы көміртегі тотығының деңгейі жартылай азаяды, оттегі деңгейі біртіндеп қалыпқа келеді;
- 48 сағаттан кейін – жүрек ұстамасының қаупі азаяды;
- 72 сағаттан кейін – өкпедегі бронхиолалар босаңсиды;
- 2 аптадан кейін – қан айналымы күшейеді;
- 3-9 айдан кейін – өкпенің көлемі ұлғаяды, жөтел, сырыл және тыныс алумен болатын басқа проблемалар жойылады;
- 1 жылдан кейін– жүрек ұстамасының даму қаупі 50%-ға азаяды;
- 5-15 жылдан кейін инфаркт пен инсульттің даму қаупі ешқашан темекі шекпейтін адаммен бірдей болады.
Бұл мәліметтер темекі шегуден бас тарту адам денсаулығына, сәйкесінше өмір сүру ұзақтығына әсер ететіндігін көрсетеді. Терінің, шаштың, тырнақтың күйі мен адамның түрі да өзгеріп, жақсарады, айналасындағы адамдар да енжар темекі шегушілер қатарына еріксіз тартылады. Бұл жағдайда қаржы мәселесі де маңызды, бірнеше жыл темекі шеккен адам темекі өнімдеріне жіберген шығындарын спорт залына, бассейн, демалыс және т.б. жұмсаса, оның адамға пайдасы мейлінше тиімді болар еді.
Темекі шегетін адамның тәжірибесіне, күніне қанша темекі шегуіне қарамастан, темекіні тастауы өзіне де, оның айналасындағыларға да үлкен пайда әкеледі. Темекіні тастау арқылы Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтап қаласыз!