Сүт безі қатерлі ісігін қалай емдеуге болады

nov-nia.ru
nov-nia.ru
Сәбіз, асқабақ, құрма сүт безі обырының алдын алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сүт безі обырын ерте диагностикалау толық емделу мүмкіндігін арттырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Қазақстандықтар үшін сүт безі обырын анықтауға тиімді скринингтік тексеру бар. Скрининг аясында 40-70 жас аралығындағы әйелдер 2 жылда бір рет қала емханаларында маммографиядан тегін өте алады. Статистикаға сәйкес, сүт безі қатерлі ісігі дер кезінде емделсе, қайтыс болу қаупі шамамен 20%-ға төмендейді.Скрининг толық сауығу мүмкіндігін арттыра отырып, сүт безі обырын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы профилактикасының мақсаты – аурудың пайда болуын болдырмау, соның ішінде дененің жалпы тұрақтылығын және оның әр түрлі ауруларға төзімділігін арттыру, әйел әсер етуі мүмкін қауіп факторларын жою немесе азайту.

Аурудың дамуына түрлі факторлар әсер етеді.

 - Ауруға сүт безіндегі өзгерістер әсер етеді. Оларға ең алдымен генетикалық бейімділік жатады. Сүт безі қатерлі ісігінің шамамен 10%-ы BRCA1 және BRCA2 гендерінің тұқым қуалайтын мутацияларымен байланысты. Мұндай мутациясы бар әйелдердің өмір бойы сүт безі қатерлі ісігінің даму мүмкіндігі 50-85%-ды құрайды. Келесі кезекте сүт бездерінің жарақаты, түйінді мастопатия, эстроген әйел гормоны деңгейінің жоғарылауы, сүт безінің жоғары тығыздығы, кеш босану және оның болмауы, емізбеу, тамақтанудың бұзылуы, артық салмақ және т.б. әсер етеді, - дейді Алматы онкологиялық орталығының онкомаммологы Наиля Ақжолова.

Сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілеріне сүт безі терісінің өзгеруі (бір немесе екі сүт безінің ісінуі, қызаруы не басқа да көзге көрінетін айырмашылықтар), сүт безі мөлшерінің немесе пішінінің ұлғаюы, бір немесе екі емшектің сыртқы түрінің өзгеруі, емшек ұшынан бөліну немесе кеуде аймағында ауырсыну сезімі, қатаю, бір немесе екі сүт безіндегі түйіндер, емшек терісінің түлеуі,емшектің және/немесе ареоланың тартылуы, қолтықасты лимфалық түйіндерде ісіктің пайда болуы.

Мамандар егер әйелде жасанды түсік түсіру, дұрыс таңдалмаған контрацепция, гормондар қызметінің бұзылуы болса, міндетті түрде әйелдер дәрігерімен кеңесу керек. Алдын алу щараларына, қарсы көрсетілім болмаған жағдайда, баланы кем дегенде 1 жасқа дейін емізген жөн.

Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу үшін келесі тағамды тұтыну ұсынылады: құрамында бета-каротин бар көкөніс пен жеміс – сәбіз, асқабақ, құрма, шабдалы; құрамында сульфорафан бар (оның ісікке қарсы әсері бар) спаржа қырыққабаты (брокколи); ақбас қырыққабат; антиоксиданттың көп мөлшері бар қызанақ; ірі тартылған ұннан жасалған нан; сарымсақ.

Әйел жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларын уақтылы диагностикалау және мұқият емдеу, жарақаттанудың, сүт безі соққыларының алдын алу, денеге сай келетін іш киім, спортқа арналған арнайы іш киім кию. Шамадан тыс инсоляцияны болдырмау үшін тікелей күн астындағы немесе солярийдегі уақытты шектеу, кеудеңізді жабу, spf кремін қолдану ұсынылады. Артық салмақтан арылу, физикалық белсенділікті арттыру үшін ұтымды және теңдестірілген тамақтану. Жаман әдеттерді: темекі шегу, алкогольді қою немесе азайту. Жалпы денсаулығыңызды бақылау, скринингтік тексеруден өтіп тұру және қандай да белгілер пайда болса, дереу дәрігерге көріну. Сүт безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасы толық емделу мүмкіндігін арттыратынын есте ұстаған жөн.

Оқи отырыңыз: Пирола: әлемде коронавирустың жаңа түрі тарады

Новости партнеров