Ақтаудың 29 жастағы тұрғынының асқазанынан арматура табылды

26.05.2022 16:09

Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері науқастың асқазанынандағы бөтен заттарды алып тастады

© Sputnik / Дәурен Ерболат

Ақтаудың 29 жастағы тұрғыны асқазанындағы ауырсынуға шағымданып, дәрігер көмегіне жүгінген. Мамандар қарын қуысының рентгенографиясы арқылы оның асқазанынан ұзындығы 18, 16 және 15 сантиметр болатын бөгде заттарды анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адамның асқазанында ұзындығы 5-6 сантиметр арматура және алюминий қасықтың бөлігі табылған.

Медицина мамандары шағын инвазивті эндоскопиялық ота жасады.

"Видеоэзофагогастродуоденоскопияның көмегімен ағзадағы бөтен заттар алынды. Бұл түрлі ұзындықтағы арматура, сондай-ақ алюминий қасықтың бөлігі екені анықталды. Ота жарты сағатқа созылып, сәтті өтті", - деді эндоскопшы дәрігер Бауыржан Танауов.

Науқастың жағдайы тұрақтанған соң, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберді.


Теги: дәрігер