Түрксіб ауданында жаңа емхана салынады

22.09.2022 16:21

Сондай-ақ, 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған

exk.kz

Қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы халқымен кездесуінде денсаулық сақтау саласындағы мәселелер қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, «Қайрат», «Нұршашқан», «Әлмерек» шағынаудандарында және Айбасов көшесінде 1 емхана мен 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.

"Ағымдағы жылдың IV-тоқсанында «Нұршашқан» шағынауданында 100 келушіге және Айбасов көшесінде 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталады. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін Қайрат шағынауданында 340 адам қабылдайтын емхана салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023жылы бастау жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді қала әкімі.

Оның сөзінше, «Әлмерек» шағынауданында 200 келушіге арналған амбулатория салу үшін жер учаскесін сатып алу процедуралары жүріп жатыр. 2023 жылы отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.