Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша маңызды 5 сұраққа жауап берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүйе аясында сақтандырылғаныңызды қалай білуге болады?
Егер сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңға сәйкес жұмысберуші сізге әр айдың 15-інен кешіктірмей, Қорға бөлінген жарна мен аударымдар туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Азаматтар барлық ақпаратты egov.kz порталы арқылы, Қор немесе оның филиалдары арқылы, тіркелген емханасы арқылы тексере алады.
Жеке зертхананың қызметіне жүгінген кезде Қор жасалған анализдердің шығындарын төлей ма?
Қор зертханалық қызметтерге тікелей төлем жасамайды. Бірақ егер сіз зертханаға қормен келісімшарт жасасқан емхананың жолдауы бойынша жүгінсеңіз, қызмет ақысыз болады. МӘМС жүйесінде дәрігердің жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық ем көрсетіледі.
Тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген емханаға, оның ішінде жекеменшік медициналық мекемеден МӘМС аясында тегін көмек алуға бола ма?
Шұғыл жағдайлар кезінде кез-келген медициналық ұйымдарға тіркеусіз немесе жолдамасыз жүгінуге болады. МӘМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер Қазақстанның барлық аумағында, аумақтық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан ұсынылады.Тіркелген емханаңызда сізге қажетті маман жоқ болса, онда өзіңіз қалаған жекеменшік клиникаға баруыңызға болады. Алайда терапевт дәрігеріңіздің жолдамасы болмаса, жекеменшік емханалар сізді МӘМС аясында қабылдаудан бас тартады. Бұл ретте негізгі шарт – медициналық ұйымның медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісімшарты болуы тиіс.
Стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіре ме?
МӘМС жүйесінде тегін стоматологиялық қызметтер халықтың жекелеген санаттарына ғана көрсетіледі.
Жоспарлы стоматологиялық көмек – 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге;
Шұғыл стоматологиялық көмек – 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге, ҰОС қатысушыларына, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға, "Алтын алқа", "Күміс алқасы" бар аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, әлеуметтік мәні бар аурулармен немесе айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастарға.
Жұмыс берушінің сіз үшін жарна төлеп жүргенін қайдан білуге болады?
Өзіңіздің жарна туралы ақпаратты арнайы онлайн сервистер, медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығы арқылы, сондай-ақ тіркелген емханаңыз арқылы біле аласыз.
Заңға сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлеріне әр айдың 15-інен кешіктірмей, Қорға бөлінген жарнасы туралы ақпаратты беруге міндетті.