Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
1304 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 032 адам, анықтамасыз 272 ҚР азаматтары келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 10 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1304 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 032 адам, анықтамасыз 272 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 639 жолаушы, анықтамамен - 603, анықтамасыз - 36; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен - 324; анықтамасыз - 236; 

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 80 жолаушы анықтамамен келген; Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 25 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 9 ақпанында шетелден анықтамасыз келген 224 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Новости партнеров