Қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ревакцинацияға қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kaz.elorda.info-ға сілтеме жасап.
«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирусқа қарсы ревакцинацияға жатады», – делінген қаулыда.
Коронавирусқа қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
Ревакцинация алгоритмінің 130-тармағына төмендегідей редакция енгізілді.
Коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары мына адамдар коронавирусқа қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
Қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.