|
Densaýlyq
22.01.2020 | 11:32

Алматы перзентханасында сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды

9 қаңтар күні дүниеге келген ұл бала небәрі он-ақ күн өмір сүрді

Алматы перзентханасында сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды healthymummy.com

Алматы перзентханасында туғанына 10 күн болған шақалақ шетінеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Алматы қаласындағы Түрксіб ауданында болған. 9 қаңтар күні дүниеге келген ұл бала небәрі он-ақ күн өмір сүрді. Шақалақ 19 қаңтар күні шетінеп кетті. Туыстарының айтуынша, бала перезентханада салынған «В» гепатитіне қарсы екпеден көз жұмған. Алайда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сәбидің вакцинациядан көз жұмғанын растамайды.

«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен бірге арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына жоғары медициналық мекемелердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар бар. Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша өлімнің себептері мен жағдайлары нақтыланатын болады. Басқарма нәрсетенің туған – туыстарына қайғырып көңіл айтады, бұл факт қала басшылығының бақылауында. Тексерудің қорытындысы құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

‡агрузка...

Прямой эфир