Бұдан былай жедел жәрдем бригадаларының қауіпсіздігіне ерекше мән берілмек

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Орта есеппен алғанда, ақ халаттылар аптасына 3 рет жәбір көреді екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оған себеп – медицина саласындағы қызметкерлерге жиі шабуыл жасалуы. Орта есеппен алғанда, ақ халаттылар аптасына 3 рет жәбір көреді екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әлия Байхондиева – фельдшер. Жедел жәрдемде қызмет етіп келе жатқанына 4 жылдың жүзі болды. Жас маман кезекшілік кезінде 20-25 шақыртуға барады. Онда түрлі жағдайлар, тіпті келеңсіз оқиғалар да орын алады екен. Өкінішке қарай, ақ халатты абзал жанға қол көтеруден тайынбайтын бұзақылар аз емес.

«Мен қызмет көрсеткен жас жігіт досымен мас болды. Пәтердің есігін жауып алып, мені шығармай қойды. Полиция қызметкерлері домофон басқанда есіктен кіргізбеді. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары балкон арқылы кіріп, маған көмекке келді», – дейді фельдшер Әлия БАЙХОНДИЕВА.

Болашақта мұндай дөрекі әрекеттерге жол бермеу үшін, қаланың денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жедел жәрдем дәрігерлерін арнайы бейнекамералармен қамтамасыз етпек.

«Осындай жағдайлар болған кезде пациент балағат сөз айтып, қол көтерсе, камераға түсіру үшін одан рұқсат сұрау керек. Біз мысалға пациентке барған кезде шешіндіріп көреміз оны. Сондықтан ол біздің өзімізге бәле болады», - деді аға дәрігер Заира САҒИТОВА.

Заманауи құрылғы қызмет көрсету кезінде қарсылық танытып, дәрігерге қол көтерген науқастарды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бастама авторлары, осыдан кейін ақ халаттылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру фактілері едәуір азаяды деген үмітте.

Новости партнеров