Қатерлі ісік тұқым қуалауы мүмкін бе

28.02.2020 16:38

Онколог спортпен айналысу дерттің алдын алатынын жоққа шығарады

sm-news.ru

Онколог Михаил Ласков қатерлі ісік туралы жаңсақ пікірлерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz Aif.ru-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, ең көп таралған жаңсақ пікірдің бірі – салауатты өмір салтын ұстансаң, ешқашан қатерлі ісікке шалдықпайсың. Онколог қатерлі ісік тудыратын факторлардың көп екенін және спортпен айналысу дерттің алдын алатынын жоққа шығарады. Қатерлі ісік тұқым қуалауы да мүмкін дейді.

Сондай-ақ, дәрігер онкологиялық аурулардың алдын алып, анықтау үшін несеп пен қан талдауы жеткіліксіз екенін айтады. Сондықтан басқа да сараптамалардан өту өте маңызды.

«Мұндай сараптамалардың ішінде жатыр мойны қатерлі ісігін анықтайтын РАР-сараптамасы, ішек ісігін анықтайтын колоноскопия немесе сигмоскопия бар», – дейді Ласков.