Статистика бойынша, 100 қыздың 25 -і түсіктен соң ана болу қуанышына кенелмеген
Жүктілікті жасанды түрде үзу қаупі туралы №36 Қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Ақмаржан Әбден айтып түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Аборт немесе түсік жасау босанған әйелге, сонымен қатар, босанбаған әйелдерге де бірдей қауіпті. Дегенмен, алғаш жүктілікті үзудің салдары өте қиын болуы мүмкін. Жас қыздарға бұл бедеулікке апаратын жол. Статистика бойынша, 100 қыздың 25 -і түсіктен соң ана болу қуанышына кенелмеген. Сондықтан да, алғаш жүктіліктік босанумен аяқталуы дұрыс»,- деді маман.
Дәрігердің айтуынша, ағзаға әсіресе түсіктің хирургиялық әдісі өте қауіпті.
«Ол асқыну үдерісіне апарып, эндометрияға зақым келтіреді, және де одан туындайтын салдар-эндометрит, сондай-ақ, етеккірдің келу циклінің бұзылуы»,- деп атап өтті дәрігер.
Егер жүктілікті қандай да бір әдіспен үзу керек болса, онда гинеколог дәрілік әдісті қолдану керегін айтты. Мәселен, хирургиялық тұрғыда араласудан соңғы асқыну - 20% жайда орын алса, ал дәріні қолданудан кейінгі көрсеткіш -6%. Дәрігер контрацептивті заттар әдісін қолдану кеңесін береді. Бүгінгі күні заманауи медицинада контрацептивтік дәрілердің айтарлықтай жиынтықтары бар. Бұл қай жұптың болмасын талаптарына сәйкес жүктіліктен сақтану мүмкіндігін береді.
«Ең дұрысы контрацепция аппаратын немесе әдісін гинеколог-дәрігер тағайындаған дұрыс. Түсік жасауға барғанша, алдын ала сақтанып жүктілікті жоспарлау қажет”- деді Ақмаржан Әбден.