|
27.02.2023 | 11:39
11924

Қызылша мен қызамық ауруларының айырмашылығы қандай

Бұл туралы алматылық педиатр Ұлбосын Қалықова айтып берді

Қызылша мен қызамық ауруларының айырмашылығы қандай УОЗ

Алматы қаласы №11 қалалық емханасының педиатр дәрігері Ұлбосын Қалықова балаларда болатын қызылша мен қызамықтың негізгі айырмашылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маманның айтуынша, жұқпалы аурулар қызылша мен қызамық денеде қызыл бөртпе түріндегі із қалдырады.

«Екі жағдайда бөртпе мойын мен бастан бастап, бүкіл денеге тарайды. Бастапқы кезде қызылша мен қызамықтың ерекше айырмашылығы бар. Қызылша кезінде қызыл бөртпе теріде ғана емес, ауыз қуысында да болады. Сондай-ақ, көз ауыра бастайды, көзге құм түскен сезімі болады. Қызылша фонында конъюнктивит жиі асқынады. Бала жалпы өзін нашар сезінеді, жоғары температура ұзақ уақытқа созылады. Қызамық кезінде мойын лимфа түйіндері айтарлықтай ұлғая түседі. Оның үстіне тіл қанық қызыл немесе ашық қызыл түсті болады», – дейді Ұлбосын Қалықова.

Педиатр баланы мұқият тексеруді ұсынады. Егер терідегі бөртпелер үлкенірек қабынған түзілімдерге қосылуға бейім болса, онда бұл қызылшаның әдеттегі көрінісі. Егер мұндай құбылыс байқалмаса және бөртпе кішкентай және бүкіл денеге таралған болса, онда бала қызамықпен ауырады.

«Қызамық кезінде бөртпе кішкентай және қысқа уақыт ішінде, бір мезгілде дерлік, бүкіл денеде пайда болады. Қызылша кезінде тері бөртпесі әуелі құлақтың артында пайда болып, екінші күні қолға, үшінші күні аяққа таралып, төртінші күні бөртпенің қарқындылығы басылады», – дейді Ұлбосын Қалықова.

Әрине, мұндай қауіпті инфекцияларды өз бетімен емдеу мүмкін емес. Егер балада ауру пайда болса, дәл диагнозды анықтау үшін тиісті анализді тағайындайтын дәрігерге көріну керек.

«Қауіпті салдардың алдын алу үшін дұрыс диагнозды белгілеп қана қоймай, қажетті емдеуді жүргізу өте маңызды. Заманауи әдістер мен дәрі-дәрмектер науқасқа аурудың кез келген кезеңінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ медициналық араласу неғұрлым кеш болса, денені қалпына келтіру соғұрлым ұзақ және қиынырақ болады», - деп түйіндеді дәрігер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир