Алматының қалалық штабында медициналық қызмет сапасын арттыру талқыланды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Шаһар басшысының орынбасары инсульт, инфаркт секілді өмірге қауіпті жағдайлардың алдын алуды күшейту қажеттігін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыны дамыту жөніндегі кеңейтілген кеңесте берген тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиында қан айналымы жүйесі ауруларынан, жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету, сондай-ақ хируриялық қызметтің сапасын арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлерінің есебін тыңдаған шаһар басшысының орынбасары Е.Бабақұмаров инсульт, инфаркт, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін жарақаттармен күресу жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

«Өлім деңгейін төмендету бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс істеу қажет. Әр бас дәрігер аурудың өршуіне әсер ететін факторларды анықтап, өлім-жітімнің алдын алуға ықпал ететін шешімдерді табуы тиіс», — деді Ержан Бабақұмаров.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, медициналық жабдықтарды жаңарту арқылы көрсетілетін қызметтің сапасын көтеруге болады. Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда Алматының медициналық мекемелерін 90% заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген.

Бұдан өзге медқызметкерлердің білім сапасы мен біліктілігін арттыру, сондай-ақ болашақ дәрігерлерді даярлау мәселесі туралы айтылды.

Кеңеске Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының м.а. А. Мадеева, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы бойынша филиалының директоры Т.Әбілдаев, ҚДСБ басшысының орынбасары А. Бисенбаева, ҚДСФ директорының орынбасары Ж.Кенжебаева қатысты.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша жүргізілген жұмыстары туралы №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерлері М. Рамазанов, қалалық жедел жәрдем ауруханасы С. Бейсенбеков, №12 қалалық емханадан Р. Сүлейменов, ҰОС бас дәрігері Н.Дәуренбекова, «Медиттера» ЖШС директоры С. Қоспанов, №21 қалалық емхана бас дәрігерінің м.а. Д. Тапалова және №18 ҚП бас дәрігерінің м.а. Б. Смағұлова баяндама жасады.

Новости партнеров