Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз
Ел Президенті Қ. Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді», – деп жазады Қ. Тоқаев.
Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 21, 2020