Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу қан қысымын көтере ме

08.05.2023 17:02

Ғалымдар гипертониясы жоқ 212 046 адамның дерегін зерттеді

elements.envato.com

Қытай ғалымдары аптасына ұялы телефонмен 30 минут сөйлесу қан қысымын көтеретінін анықтағанын жазды EurekAlert. Нәтижесі инфаркт немесе инсультке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғалымдар 37-73 жас аралығындағы гипертониясы жоқ 212 046 адамның дерегін зерттеді. Аптасына кем дегенде жарты сағат телефонмен сөйлесетіндердің оны аз уақыт қолданатындарға қарағанда қан қысымының көтерілу қаупі 12 пайызға жоғары екені белгілі болды.

Нәтиже ерлер мен әйелдер үшін бірдей. Ғалымдар зерттеу барысында жас, дене салмағының индексі, гипертонияның отбасылық тарихы, темекі шегу мәртебесі, бүйрек қызметі және әртүрлі қан анализі сияқты факторды ескерді.

Ғалымдар қоңыраудың әсерін ұялы телефондардың төмен радиожиілік энергиясын шығаруымен түсіндіреді - дәл осы қысқа мерзімді әсерден кейін қан қысымын көтереді.

Дереккөз: knife.media.