Жүрек проблемаларын уақытылы анықтау және емдеу денсаулық пен өмір сапасын сақтауға көмектеседі
Жүрек ауруы – ерлер мен әйелдер өлімінің негізгі себебінің бірі. Әйелдерде жүрек ауруының белгілері, көрінісі мен емдеудің өзіндік ерекшелігі болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қалалық кардиологиялық орталығының дәрігері Амина Ракишева әйелдерде қандай жүрек аурулары жиі кездесетінін, олардың қандай белгілері болатынын және тиімді емдеу жолдарын айтып берді.
"Әйелдерде жиі кездесетін жүрек ақауының бірі -жүрек бұлшықетінің қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне байланысты пайда болатын жүректің ишемиялық ауруы. Әйелдерде жүректің ишемиялық ауруының белгілері ерлерде сияқты айқын көрінбеуі мүмкін. Әйелдер шаршау, ентігу, әлсіздік, жүрек айну, тіпті арқа немесе жақтағы ауырсынуды сезінуі мүмкін. Әйелдерде жиі кездесетіні енді бір ауру - аритмия - жүрек ырғағының бұзылуы. Әйелдерде аритмия субтильді түрде көрінуі мүмкін, әрі жиі байқалмайды. Симптомдарға жүректің шалыс соғуы, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, бас айналу немесе әлсіздік жатуы мүмкін",- дейді маман.
Сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігі, клапан ақауы, гипертония және т.б. сияқты басқа жүрек ауруларына назар аудару маңызды. Әйелдерде бұл аурулардың көрінісі мен емінде өзіндік ерекшелік болуы мүмкін.
Әйелдерде жүрек ауруларын емдеу дәрі-дәрмек терапиясы, өмір салтын түзету (дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік), абляция процедуралары, тіпті хирургиялық араласуды қамтуы мүмкін. Жүрек ауруын өздігінен диагностикалау мен емдеу қауіпті болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, сондықтан жүрек проблемаларына күдік туындаған кезде диагноз қою және тиісті ем тағайындау үшін дәрігерге көріну керек.
Жүрек проблемаларын уақтылы анықтау және емдеу денсаулық пен өмір сапасын сақтауға көмектеседі.