500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр
Бұл туралы қала әкімі аудан тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімі аудан емханаларының шамадан тыс жүктелуіне инфрақұрылымның жылдам дамуы және аудан халқының жыл сайын 10-12 мыңға өсіп отыруы себеп болып отыр дейді. Мәселені шешу үшін Алматы қаласының әкімдігі 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отыр.
"Ақжар шағынауданында 200 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына ЖСҚ әзірленіп жатыр. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз. ҚМЖ басталуы - 2023 жылдың 1 тоқсаны.
Сонымен қатар, Құрамыс шағынауданында емхананың ЖСҚ әзірленді. Осы жылдың қараша айында мемлекеттік сараптама қорытындысын аламыз. ҚМЖ 2023 жылдың 2 тоқсанында басталады", - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, Шұғыла шағынауданында емхананың ЖСҚ әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалып жатыр. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын 2023 жылғы желтоқсанда алу жоспарланып отыр.