Шымкентте өкпесінің 80 пайызы қабынған жүкті әйел жазылып келеді

baq.kz
baq.kz
Жүкті әйелдің денсаулығы он алтыншы күні жақсарып, палатаға ауыстырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қандағы оттегі мөлшері тым аз болғандықтан, 15 күн бойы өкпені желдету аппаратымен тыныс алған. Осы уақыт ішінде жансақтау бөліміндегі мамандар шаранасы бар әйелдің саулығы үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізген.

Жүкті әйелдің денсаулығы он алтыншы күні жақсарып, палатаға ауыстырылды. Бүгінде болашақ ана өздігінен тыныс ала алады.

«Қазір жағдайым жақсы. Барлығыңызға алғыс айтамын. Әрдайым күлімдеп, жанымды жылы сөзбен емдеген дәрігерлерге алғысым шексіз», – дейді Гулжауһар Күнжубаева.

Жүкті келіншек бір айдан аса уақыттан бері Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасындағы дәрігерлердің бақылауында. Мамандар анасы мен шарананың жағдайы жақсы екенін айтады.

«Науқас 6 шілде күні ауруханаға түскен. Қазір жүктіліктің - 29 аптасында. Құрсағындағы баланың жағдайы  жақсы. Толық ем қабылдауда. Енді антибиотиктерін азайтып, оттегі беретін аппаратсыз дем алуды үйретіп жатырмыз», – дейді дәрігер-гинеколог Нұржамал Көшенова.

Новости партнеров