Алматылық дәрігерлер 45 жастағы әйелден кеңейтілген инсульттан кейінгі қан тамырларындағы ісікті алып тастады

 
ОҚКА баспасөз қызметі
ОҚКА баспасөз қызметі
Маманның айтуынша, ота жасалғаннан кейін бір күннен соң сырқат өз бетімен қозғалып жүре бастаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға Алматы қаласының тұрғыны, 45 жастағы әйел ессіз күйде келіп түсті. Жүргізілген компьютерлік томографияның нәтижесінде, әйелде үлкен көлемді ми іші гематомасымен инсульт анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов бастаған нейрохирургтар командасымен науқасқа шұғыл түрде операциялық араласуымен – бас қаңқасы трепациясы жасалып, ота барысында ұйыған қанды ісікті толығымен алып тастады. Жалпы ота бір жарым сағатқа созылды. 

«Егер гематоманы алмаған жағдайда, онда сырқаттың жағдайы ауыр салдарға әкеп соқтырар еді. Яғни, науқастың миына қан кетіп, өлім жағдайына душар етер еді», – деді қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Марат Алматов.

 Маманның айтуынша, ота жасалғаннан кейін бір күннен соң сырқат өз бетімен қозғалып жүре бастаған.

 «Сырқаттың мұндай операциядан соң қимылдап жүруі өте сирек кездесетін жағдай. Әдетте, 90% науқаста осындай отадан соң ісік салдарынан жүйке қызметі бұзылады. Сондай-ақ, аяқ-қолда әлсіздік пайда болып, сезу қабілеті жойылады. Біз операцияның сәтті өткеніне қуаныштымыз», –  деді дәрігер.

Новости партнеров