Қаланың инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың жаңа толқынына дайын
Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан онлайн-брифингте қала әкімі Б. Сағынтаев бүгінде қаладағы 17 аурухананың орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жалпы алғанда, қаланың инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың жаңа толқынына дайын. Былтыр оттегі жетіспейтінін көрдік, бүгінде 17 аурухана орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілді. Яғни, әр палатада, әр төсекте орталық оттегіге қосылу нүктесі болады. Кез-келген палатадан реанимация жасауға болатындай жағдай жасадық», – деді қала әкімі.