Қазіргі уақытта еліміде бес адам стационарлық емдеуде жатыр
Шығыс Қазақстан менингококк инфекциясымен ауырғандар саны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Алтайньюс.
Қазіргі уақытта елімізде бес адам стационарлық емдеуде жатыр.
«Бес науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. ШҚО-да 2 адам, БҚО, Ақмола және Алматы өңірлерінде бір-бір адамнан. Сондай-ақ, тағы екі адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікке ілініп отыр. Олар ШҚО мен Ақтөбе облысында, – деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.
Комитеттің ақпаратына сүйенсек, республикада менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты. Өткен жылы осы уақытта аталмыш ауру бойынша 60 науқас тіркелген болатын.